orkeni on justtake.net

Orken KENZHEBEK Photos & Videos on Instagram

@orkeni  Журналист. Медиалектор. Путешественник. Руководитель Службы спецпроектов Агентства "Хабар" Photo: LG G7 Telegram канал -

1 day ago

🇯🇵I Бұл - Хиросима. Әлемде ең алғаш рет басына атом бомбысы жарылған қала. 45-ші жылдың алтыншы тамызында америкалықтар тастаған бомбы бірден 70 мың адамды отырған-жатқан жерінде көк күлге айналдырып жіберді. Енді дәл эпицентрінде температура 4000 градус ыстық болса, басқа не күтесіз? Одан соң тағы 70 мың адам сәуле ауруынан азаптанып өлді. Одан кейін де өлгендерінде есеп бар - бірақ, бұл бомбыны жаруда мән жоқ еді... ⠀ Өзі неге осы қаланы таңдады деген сұрақ туар, ә? Туса, былай: Хиросимада сол кезде Жапон әскерінің екінші Бас штабы және Теңіз күштерінің Бас штабы болған. Айдаһардың басын шабамыз деген түрі ғой.. Сосын Киото деген ең әдемі қаласын бомбыламақшы болған. Сөйтсе, АҚШ-тың сол кездегі әскери министрі Генри Стимсон деген бал айын кезінде Киотода өткізіпті. Қимаған ғой қиратуға. Жанын салып барып, шешімді әрең өзгерткен. Хиросимадан соң, үш күннен кейін Кокура деген өндірістік қалаға атом бомбысын тастамақ болған. Алып-ұшып жетіп келсе, қаланың қасындағы орман өртенген, бұлт пен түтіннен дым көрінбейді дейді. Содан Кокураға тастамай, жолай Нагасакидің үстінен лақтыра салады. Ол жақта тағы 140 мың адам капут болды. Сол үшін жапондарда "өзің бір Кокура сияқты жолың болғыш екен" деген теңеу бар.. ⠀ Осылайша, 450 мыңдай адамның жанын алып кеткен қос бомбы Жапонияны да, әлемді де адам танымастай етіп өзгертті. Мынау - сол жарылыс кезінде аман қалған Гэмбаку үйі. Радиация - 0. Бұдан гөрі Чернобыльға барып, екі түн түнегенде 900 микрозиверт радиация алып қайтқанмын. Сенбесеңіз, сертификаты үйде тұр.. Енді менімен қол алысарда, ойланып алыңыз) #japan #hiroshima #atomic #instakz

2.5k103
2 days ago

📌 LG-ге мен лайық болдым ба, әлде маған ол лайық болды ма, әйтеуір, үш жылдан бері әдемі доспыз. Әлі есімде, бұл Элжи мені сымсыз шаңсорғыш беріп, сынаған. «Қазақ блоггерімін дейсің, ал жаза алар ма екенсің сататын мәтінді?» деп шарт қойған. Құдай-ау, бұлай қиналмаған шығармын.. Себебі, көшіре салайын десем, шаңсорғыш жайында Шерхан Мұртаза да, Өміржан Әбдіхалықұлы да жазбаған екен – ойымда шаблон жоқ. Мәтін жарайды, бұл үшін фотосессияға түсу керек екен. Ол жарайды, айтайын дегеніңді төтесінен тартпай, басқа мысалмен, өзге хикаямен оқырманды алдаусыратып алып келу керек болды. Бұл үшін сторителлингті қайта үйрену керек болды. Әбден азабы өткен ғой, әлі күнге дейін сол жарнама есіме түссе, дір ете қалам) ___________________________________________________📌 Ал қазір жазайын дегенім, дым да жарнама емес. Ақпарат. @lg_electronics_kz пен Megago бірлесіп, «LG плюс арналар» деген жаңа сервисін әкелді. Бұл – кәдімгі онлайн-телевидение. Бұл үшін Элжидің SMART деңгейіндегі кез-келген теледидары керек. Сосын сымды ма, сымсыз ба, интернетіңіз болса болды. Ешқандай артық жабдық сатып алмай-ақ, антеннаны бұрамай-ақ, ешқандай оператормен келісімге келмей-ақ, енді 131 арнаны көре бересіз. Тексердім. Рас. Отандық, ресейлік, халықаралық арналар. Отандық дегенде, Казах ТВ, Атамекен, Асыл арна секілді 7-8 арнаны ғана байқадым, әлі толықтыратын шығар. Бұдан бөлек қазақстандықтар HD-сападағы 10 тематикалық арнаны қашанда тегін көре алады. Euronews тұр, Первый канал отыр. Өзі осылай-осылай антенна сатып алу, кабельді телевидениеге қосылу, телеприставкалар орнату деген ритуалдар өткеннің күресінінде қалатын сияқты. _______________________________________________ 📌 Сосын «LG плюс арналарға» қосылып алу сондай оңай. Пультіңіздегі Смарт теледидардың мәзірін ашып аласыз да, CH PLUS деген қолданбаны тауып алуыңыз керек. Егер ол жоқ болмаса, LG Content Store дүкенінен жүктеп алу керек. Болды. Ары қарай рахатыңызға пайдаланыңыз! Ал Сіздер үшін LG немен есте қалған я қалады? #LG

86950
3 days ago

Теміртау деген тас қала бар. Өткен ғасырдың өмірі жайлы кино түсіретін болса, қазақ режиссері декорацияға алар екі қаланың бірі. Біріншісі – Орал. Сосын Стивен Кингтің өзінің қиялына келе бермейтін қылмыстар осы қалада жасалатындай болып көріне ме, солай елестейді. Неге бұлай деп мына әдемі, ойбуй, әйелім көрмесін, онша емес қыздан сұрамаймын ба? Білмеймін дейді. ____________________________________________________ Ал Анна Горная деген бұ қыздың білетіні басқа екен. @zhasproject жобасына қатысып, грант ұтып алған соң, талапты деген жастарды жиып алып, камераға түсіруді, газетті беттеуді, фотоны өндеуді үйретеді ше.. Үйренгендері өз бетінше түсірілімге шығып, бейнесін монтаждайды. Үйтіп-бүйтіп жасаған өнімдерін Ютубке салғызады. Одан бірнеше блоггерлер өсіп шығады. Болашақта осы қыз-жігіттерді онлайн-басылымның қасында жинасам дейді. Бұның бәрі не үшін десеңіз, шығармашылықтың ұшқыны бар жастар сенделіп қалмай, тезірек өз ісін тауып, бақытты болсын деген ниет қой. Әсіресе, Теміртауда адамдар бақытты болуы тиіс! ____________________________________________________ Айтпақшы, фондағы музыканы мен таңдаған жоқпын, әйтпесе, әп-әдемі сұхбатым косметиканың жарнамасы секілді боп қалыпты) #zhasproject #youthcorps #youthcorpsproject #edugovkz

39111
3 days ago

🇯🇵 Өмірдің мәнін, өлімнің сырын шын мұсылманнан артық кім түсінген деймін.. Олай болмаса да, әр ұлттың өзінің өмір жайлы түсінігі бар ғой, жаман-жақсы болсын. Ал жапондар өмірдің мәнін табуды икигай деп атайды. Бұның негізі – бесеу, соның бірі - не болса да майдадан баста дейді. Бір істі алдың ба, соны жайлап жетілдіре бер дейді. Ал Абайдың «Лап бергіш, көт айналғыш, қайта ойланғыш» деп со кездегі қазақты сынағаны әлі күнге дейін диагноз болып келіп еді. Біздегі бірден опырып табысқа жете салуды, тез креслоға отырып алуды ойлау ұлттық сипатымыз боп кете жаздаған бір кезде. Головкин нокаутпен құлата алмай қалса да, «әне, айттым ғой» деп көңіліміз қалып жатады ғой) Біздің ертегілеріміздегі батырларымыз да жылдап емес, айлап ,сағаттап өседі. Ал бұлар ұсақтан бастайды... ____________________________________________________ Өмірдің ұсақ-түйегіне қарап, рахат ал дейді тағы бір негізі. Бұлардың шие гүлдегенге шатыры кетіп, гүлдерден икебана құрағаннан ләззат алатыны содан. Неге бұлай десеңіз, адамның өмірінде үлкен жетістіктер біз қалағандай жиі бола бермейді. Күніге айлық ала бермейсің. Күніге бала туа бермейсің. Осындай кезде өмірдің әр сәтінен ләззат алу, біздіңше шүкір ету жансарайыңды ашады дегенді келтіреді. Дұоыс қой. Сосын кодавари деген ұстанымы бар. Бұл өз ісіне деген адалдық, соған деген мақтаныш. Даяшысың ба, мақтан даяшы болғаныңа. Таксистсің бе, мақтан таксист болғаныңа. Бірақ, өз алдында. Ал жұртқа қызметіңді өлтіріп жаса. Даяшыларының шайпұл алмайтыны содан. Сумода жеңген балуан қуанышың қатты көрмейтіні содан. Қарсыласыңды құрметтеу. Сондықтан да, бұлардың икигай түсінігіне міндетті түрде жеңімпаздар бармайды. Қарапайым адам да бақытты бола алады дегенді сіңіреді. Біздің түсініктегі момын сияқты ғой. Момын адам да әділетсіздік көрсе, Аллаға тапсырып, адал еңбегін жасап, ешкімнің алдына түспей, бақытты бола алады. Солай емес пе? ___________________________________________________ Ал жалпы икигай түсінігін бір ауыз сөзбен бер десе, Екінші дүниежүзілік соғыс кезінде ағылшын өкіметі шығарған Keep Calm and Carry On плакатын айтуға болар еді дейді. Бұның аудармасы - «Тыныштық сақтаңыз да, өз ісіңізбен айналыса беріңіз» #japan

1.9k51
5 days ago

Мектеп жасында ең бекзат өнер - вальс еді біз үшін. Алсуға "Қысқы ұйқысы", ал Бернеске "Тырналары" үшін рахмет, осы екі әннің екі нотасын ести сала, қураған томарды кұшақтап болсын, билеп кете беретінбіз. Себебі, қазір табысты адам үшін йогамен айналысып, картинадан коллекция жинау міндет болса, біздің кезде жақсы оқитын баланың вальс билей алмауы позор болатын. Ал Данияр Әбішев сәл басқаша ойлайды. Ол да биші. Ол да деп өзімді биші санап тұрғандай айттым ғой, ә?) Павлодардағы жағдайы нашар жастарға, жетім балаларға би курсын ұйымдастырған. Себебі, өзі брейк-дэнс, паппинг секілді көше билерін кәсіп қылғандықтан, бұл әлі өз бағасын алмай жатқан өнер, әйтпесе, көп адамға пайдасы бар деп шын сенетін жан. "Мен билей алмаймын" деген адамның басындағы кедергіні жою арқылы оның өміріндегі басқа да мәселелерді шешу оңайлайды деген ойда. Қысқасы, жетім, жағдайы жоқ жастардың көңілін сергітіп, өзіне деген сенімін арттыру үшін менің қолдан келгенім осы дейді Данияр. Сөйтіп, @zhasproject жобасына қатысып, грант ұтып алып, студияны жалға алып, елу шақты сондай жасты билетіп жіберген. Ал сіздер несіне билеп жүрсіздер?) #zhasproject #youthcorps #youthcorpsproject #edugovkz

3719
6 days ago

🇯🇵 Жапонияның батысындағы қалың нудың ортасында Исэ деген храм орналасқан. Енді қызығына қараңыз, әрбір 20 жыл сайын осы храмның ғимаратын бұзады да, оның жанынан жаңа ағаштармен тура сол храмды қайта салып шығады. Мысалы, қазіргісі 2013 жылы салынған. Енді 2033 жылы оны бұзып, қайта салады. Осы біртүрлі дәстүрдің жалғасып келе жатқанына – 1200 жыл.. Сонда бұған не себеп дейсіз ғой? Тәк, асықпай тұра тұрыңыз. Жаңа храм дәл бұрынғысындай болуы үшін бәрін алдын-ала даярлап отыру керек. Айталық, оны салатын жапон кипарисін пәлен жыл бұрын егіп қояды. Осы үшін жапон кипарисінің ормандарын Жапонияның әр жерінде баптап отырады. Ал храмның құрылысы үшін жарайтын бөрененің жуандығына кипарис тек 200 жасында жетеді екен. Осының бәрін алдын-ала ойластыруды айтсаңызшы! _____________________________________________________ Сосын құрылысқа бір де бір шегені қолданбайды. Сондықтан, ағаш ұсталарын ұстап отыру мен оларды оқыту мыңдаған жылдан бері жалғасып келеді. Сонымен, неге 20 жыл сайын әп-әдемі тұрған храмды бұзып, қайта сала береді? Жауаптың бір нұсқасы бойынша, бұл - тәжірибені келесі ұрпаққа беріп отыру. Тек осылай ғана бір шеберден шебердің келесі буынына теңдессіз тәжірибені қалдыруға болады. Осы деректі Кен Могидің «Икигай» деген кітабынан оқыған едім. Кеше. Пәле, ә? ______________________________________________________ Бұдан кеп түсінеріміз - тұрақтылыққа берік бұлар. Киотодағы Икэнобо әулеті 1462 жылдан бері гүлден икебана жасап келеді. Жапонша шай құю дәстүрін 1591 жылдан бері соны алғаш реттеген адамның әулеті әлі жалғастырып келеді. Бұлардың дәстүрлерінің өлмей, тірі қалу себебі сол. Тұрақтылық. Атадан балаға. Баладан.. #japan

2.0k63
1 week ago

🍓 Павлодарлық Зарина Орақбаева деген мына әйел баласының басына мынадай әдемі ой келеді: неге жағдайы жоқ жастарға құлпынай өсіруді үйретпеске? Иә, клубничка! Екі қолы алдына сыймай жүрген жастар үшін жәрдем емес пе деген ғой...Осы жобасын @zhasproject тапсырады да, онысы тағы ұтып шығады. Ары қарай Жастар үйінен қалаған жасқа есігін ашып қояды да, пәтердің ішінде құлпынай егудің қыр-сырын үйрете бастайды. Стеллаждар, суғаратын құрылғылар сатып алады. Қиындықтар да болады. Агроном емес қой, айталық, құлпынайды тозаңдандыру жағын ұмытып кетеді. Ол бейшаралар бүрісіп бара жатқанда ғана, бұ не пәле болды деп зерттеп, қолдан тозаңдандырып үлгереді. Сосын жобаның уақыты аздау болған соң, әр үйде өсіп тұрған құлпынайларды жинап, жылыжай ашуға мүмкіндік болмай қалыпты. Әйтпесе, әр шаршы метрдегі құлпынайдан 1 келідей жидек түссе, оны базарда сатса, 700-800 теңге , қыста сатса, 1500 теңге табуға болады дейді. Тыңайтқышын реттесе, топырағын қопарса, бұл шаршы метрден 2-3 келіге дейін жидек алса болады. Ақша жоқ деп ауыз ашып жатқаннан гөрі аз да болса қаржы ғой деген біраз жасты баулыпты еңбекке. Бір ой – амал – басқаларға себеп осылай. ✅ #zhasproject #youthcorps #youthcorpsproject #edugovkz

1.3k13
1 week ago

🔨 Бір-екі ай бұрын @yakovfedorov досым әдеттегіше Қазақстанның бір қиырында – дәлірегі, Қызылорданың бір тұсында жүрсе керек. Заправкаға тоқтайды. Пистолетші жігіт Яшаны танып қалады да, «О-о, мен Сізді танимын!» деп қос қолдап амандаспай ма? Мұндайда кім қуанбасын! Сөйтсе әлгі жігіт сөзінің соңын ала бере «Негізі, Сізді Өркеннің инстаграмынан көремін. Содан ғо танығаным, а так.. Не ғой, Өркен сонымен қандай унитаз таңдады?» депті. Бұл рас оқиға. Яков қой, оны анекдоттай айтатын) __________________________________________________ 🔨 Өзімнен де бар енді.. Осы тамыздан бері үш ай бойы пәтерімнің жөңдеуін сториіме салдым да отырдым. «Осы сенің үйің неше бөлме, неше метр? Неге бітпей кетті?» деп уайымдаушылар көбейіп кеткен соң, азайтқам) Люстраны Алматыдан, қоқыс жәшігін Токиодан алдырып жатып, әйтеуір, ремонтты бітірдім, уф. Ал үйдің қабырғалары мен төбесіне бояуды және тұсқағаздарды @tikkurila.kz алған едім. Бұл - Финляндияның бренді. 1867 жылдан бері әлемге бояуымен әйгілі. Неге десеңіз, осы пәтерімді скандинав дизайнында жасаймын дегендіктен, басқа-басқа, финндердің маркасы болуы заңды сияқты. Одан кейін экологиялық жағынан өте таза. Барлық материалы экологиялық халықаралық сертификаттарға ие. Балалы үй үшін бұл маңызды. Содан кейін мұнда әр бояуды дайын түсте алмайсыз – сатып алған жеріңізде өзіңіз араластырып, таңдап аласыз. Ал Тиккурила 20 000-дай түс пен реңкті тұтынушыға ұсына алады – менің пәтерімде қара түс те, қызғылт түс те, сарғыш та, көкшіл де, бәрі бар. __________________________________________________ 🔨 Бұдан бөлек, @tikkurila.kz - ның түрлі бейімдегі бояуы да көп. Мектеп тақтасы секілді бормен жазатын, магнит жапсыруға болатын, жуынатын бөлмені бояуға болатыны, яғни жоғары ылғалдылыққа төзімдісі, тіпті, күндіз күн сәулесін жиып алып, түнде жылтырап тұратын да бояуы бар. Болмайды деген сөз жоқ бұларда)  Сіздер ше, Тиккурила деген брендті мен жазбайынша, білуші ме едіңіздер? ✅ Бұйырса, келесі аптада әр бөлмеме қандай бояудың түрін және не үшін оны қолданғанымды бейнеформатта түсіндіремін. #tikkurilakz #tikkurila #бітетінремонт

1.8k69
1 week ago

🇯🇵 Біздің алашордалықтар Жапонияны үлгі етті дегенде, император Мэйдзидің тұсын үлгі еткен. Осы адам басшы бола салысымен, бір орында қозғалмағаннан борси бастаған жүйенің талқанын шығарып, қаншама реформаны қабылдап тастаған. Жаяу әскерін пруссиялық, теңіз күштерін британдық, мектебін француз үлгісінде құрады. Халық та мұндай тез өзгерістерге тез бейімделе қоймайды басында. Мысалы, ең алғаш телеграф бағандарын салған кезде, жұрт оның пошташыдан жылдам хабар жеткізетінін біледі. Сөйтіп, телеграфтың бағанына шығып, оның сымына анасына жіберер хатын не баласына жіберер сәлемдемесін іліп қояды екен) Болмаса, пойыз жүре бастаған кезде жапондар үйге кіргендегі әдетімен сыртына аяқкиімдерін шешіп кетеді басында. Пойыз жүріп, ол басқа стансадан тоқтағанда, ешкім аяқ киімін таба алмай қалады) Өстіп жүріп, дамыған ғой бұлар.. ____________________________________________________ Бірақ, ең басты сабақты бұларға табиғат берген секілді. Жер аз. Жер сілкінісі жиі. Теңізден цунами соғып тұрады. Біз секілді көшіп кетейін десе, жер жоқ тағы да. Амалдың жоғынан ойланады. Ойланған соң, бірдеңе ойлап табады ғой. Мысалы, мұнда жер сілкінісінің магнитудасы 9 балға жетсе де, бірде-бір ғимараты құлай қоймайды. Сәулетін шыңдаған. Жер сілкінісі болардан 6-10 секунд бұрын ұялы телефонға, теледидарға сигнал жіберіледі. Сейсмологиясы сұмдық дамыған. 6-10 секунд бұрын су, газ, жарық - барлығы автоматты түрде өшеді. Сол 6-10 секунд ішінде сағатына 300 шақырым жылдамдықпен келе жатқан пойыз да тоқтап үлгереді. Айтпақшы, осы соңғы деректі Жапониядағы Тохоку университетінің профессоры Нұрбосын Жанпейісовтың жеті жыл бұрын берген сұхбатынан алдым. ____________________________________________________ Табиғаттан қорқу емес, онымен үйлесімде өмір сүру жағынан жапон үлгі екені анық. Мысалы, жаңағы Нұрбосын айтқандай, үйде отырған әйелдеріне дейін ғаламдық жылынуға қарсы қандай үлес қосу мәселесін ойлайды дейді. Мәселен, олар майлы ыдыстың майын шүберекпен сүртіп алып барып қана жуады. Өйткені майлы су, біріншіден, құбырды кірлетеді. Екіншіден, мұхитқа барып қосылса, қоршаған ортаға залалын тигізеді. Үйдегі әйеліне дейін үлкен Үйдің қамын ойлайды... Ал біз не істеп жатырмыз? #japan

2.1k89
1 week ago

Өзі өкпе де, бауыр да үшке бөлініп тұрады ғой, соның кіші бөлігін жетім бауыр, жетім өкпе деп атаған. Атам қазақ. Ал киіз үйдегі керегенің есікке келіп тірелетін басын жетім бас дейді екен. Сонда қазақ әр сойған малыңда, әр үйінде жетімнің үлесі бар дегенді ойластырған дана халық боп тұр ғой. Бұны айтқан - @ularbeknurgalym ағам. ___________________________________________________ Сол айтқандай, Павлодар қаласындағы балалар үйінің біріне соққан едім. Балалар дегенде, мұнда 16 мен 23 жас аралығындағы ересектері жатады екен. 23-тен асқан соң, мемлекеттің міндеті бітеді - олар жылы орнын босатып, өз еркіне кетуі керек. Сол үшін көбі кәсіптік лицейін бітіріп, жұмысқа тұрған. Жұмыс дегенде де, не тігінші, не сылақшы. Бұларға таласып тұрған жұмыскер жоқ, керемет таңдау жоқ – барымен базар қылып.. Сонда да көбін денсаулық жағдайына байланысты жұмысқа алмайды дейді. Себебі, мұнда ақыл-ойының дамуы тежелген балалар жатады. Енді осы үйдін жетекшісі ананы ойлап, мынаны ойлап, Жаспрожект жобасына қатысып, "Научите - мы сможем" деген жобасын қорғап алады. ___________________________________________________ Сөйтіп, балалар үйінің ауласынан жылыжай салып, онда салатқа қосатын шөп-шаламнан бастап, қызанақ-қиярға дейін өсіреді. Гүлдің түр-түрін егеді. Бұл жылыжайдың берекесін қарасаңызшы, көкөніспен Павлодарда бар 3 балалар үйін қамтып отыр екен. Ең болмаса, бұлар қияр егіп, көкөніс баулаудың не екенін білсін, келешек өмірінде керек болады деген мақсат болған. Биылдан бастап бұған енді саңырауқұлақ өсіруді қоссақ дейді. Осындай тірлік. Бұл қыз-жігіттің бәрі бір жылдан соң ұясынан ұшып шығады. Құдай жар болсын! Қияр егуді білгені ешқашан артықтық етпейді... #zhasproject #youthcorps #youthcorpsproject #edugovkz

2.1k34
1 week ago

🎈 Жапониядан артық ЖЕРіміз Жапонияға барған сапарым неге жақсырақ шықты десеңіз, қайда барып, қайда тоқтарымды өзім шешкен едім. Бұл жобамның бәрін алты айдай Токио мен Астананың арасында пісіріп алдық әбден. Бірақ, ресми Токио екі жерге барсаңыз деп тұрып алды. Бірі - 2025 жылы ЭКСПО көрмесі өтетін Осакаға, екіншісі - Токиодағы ұлттық территория және егемендік музейіне. Қойшы дейін десем, бір-екеуі харакири жасайын деп тұр.. Содан бардым ғой. Музейге. Ресеймен арада дау болып тұрған Куриль аралдарын айтпадық, шамасы 18 аралдың тағдыры, иә? Қытаймен арада Сенкаку деген аралдарға таласуда екен. Кореямен арада Такэсима деген түк өспейтін тақыр аралшыққа таласуда. Бұлар өзіне, олар өздеріне тартады. Ескі карталарын көрсетеді, жапонша қайбір түсінеді дейсің, бас изей беремін. Маған сондай аянышты көзбен қарайды - менің қолымда не бар, Құдай-оу? "Мдаа, бізде бұл жағынан мәселе жоқ екен - бар көршімен шекарамыз шешілген" деппін сасқаннан. Бұл сөзіммен оларды жұбатпай, қайта одан әрі қайғыға тастап жібердім-ау.. Менен жақсы дипломат шықпайды осы) _____________________________________________________ Бұны неге жазып отырмын? Бүгін - Тұңғыш Президент күні емес пе? Оның бала кезінен жеміс ағаштарын будандастыруды үйреніп, Алматының колхоз базарына алма-алмұрт әкеп сатқанын еске алуға болар еді. Но, зәшем? Елбасының ең басты жетістігінің бірі - шекара деген мәселеден ши шығармай, шешіп тастағаны. Қытаймен де, Ресеймен де арамыз айқын. Бұл біле білсеңіз, үлкен нығмет - ересен еңбек. "Саяси шекара қанмен жазылады" деген қағиданы бұзып, Елбасының құзырымен бәрін бейбіт шешті. Бүгін негізі осындай дүниелерді еске алуымыз керек қой, ә? Ал Сіздер қай жақсылығын бірінші еске аласыздар? ______________________________________________________ Фото онша емес, бірақ оны @yelikbayev түсірген) #kazakhstan #japan #elbasy

2.4k88
1 week ago

👀 Алдымызда – мерекелер, демек демалыстар. Астаналықтар мен Астананың қонақтары үшін қайда барсам деген сұрақтың белгісі қазір-ақ алдарыңызда иіліп тұрған шығар. Ендеше, хабарландыру – «Нұр-Әлем» павильонында бұрын болсаңыздар да, тағы бір баруға тамаша себеп табылып тұр. Көрнекіліктерге байыпты. Сөзді көбейтпеу үшін қолымдағы кәрістің телефонымен бейне түсіріп қайтқанмын. Оны міне, дәл қазір монтаждап бітіп, назарларыңызға тастадым ал. Сонымен, әлгі дәу шардың ішіне жаңа дүниеден – Smart Cube шаршысын, «Ақылды қала» және «Болашақ Астана» көрсетілімін, гидропоника заңдылығын түсіндіруге арналған вертикальды гүл орманын, сосын вертикальды ферма моделін, виртуальды шындық бөлмесін, балалар да болашақтың қуатын өндіруге ат салыса алады дегенді айтқысы келген қаптаған ветрячоктарды қойған. _______________________________________________ Электр қуатымен жүретін болидтер қатысатын Формула Е жарысындағы Реноның айна-қатесіз көшірмесі, немістің электрлі самокатын да қойыпты. Бірақ, осылардың арасында таң қалғаным – кинетикалық энергияның пайда болуын түсіндіретін динамикалық шоу. Сөзбен қалай суреттесем екен – одан да көрген абзал. Енді осының бәрі бұрын болмаған – жаңарғаны жаңа. Айтпақшы, әр қабаттағы сөйлейтін, Сізді суретке түсіріп, оны поштаңызға жіберер, билейтін роботтардың саны көбейіпті. Ресейдің Пермінен келген роботтардың төбесі тесік екен – қазақшаға ағып тұр дегенім ғой. Бұдан бөлек әр сенбі-жексенбі сайын осы шардың ішінде Мұрат Мұтырғановтың акробаттары «Энергия дөңгелегі» деген шоу жасайды екен. Енді білдім. Қысқа қарай ЭКСПО кешеннің ішінде үлкен мұз айдынын қатырып, балаларды ойнатуға болатын түрлі сырғанақ көбейеді. Аз қалды оған да. _______________________________________________ Ізгі ниетпен – барлаушы Өркен.. Ал Сіз біздің ЭКСПОда болып пе едіңіз? #expo #expô2017 #expo2017astana #astana

50426